Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 16.01.2023 № 36/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 16.01.2023 № 36/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Есіл ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 16.01.2023 № 36/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл аудандық мәслихатының хатшысы |
С.Агымбаева |
Есіл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 шілдедегі № 28/3 шешіміне қосымша |
Есіл ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
Ескерту. Қосымшаның атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 16.01.2023 № 36/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (Қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын айына | 266,81 |
Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф | 1 м3 | 1561,82 |