Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданы бойынша халқы үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2022 жылғы 21 шілдедегі № 28/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28996 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Есіл ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы";
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"1. Есіл ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";
қосымшаның атауы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Есіл ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл аудандық мәслихатының төрағасы |
С.Агымбаева |