"Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Жарқайың ауданының шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 6С-19/3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2022 жылғы 11 ақпандағы № 7С-25/2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 наурызда № 27186 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Жарқайың ауданының шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 6С-19/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6467 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың аудандық
мәслихатының хатшысы
А.Альжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады