Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Державин қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары, осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың аудандық мәслихатының хатшысы |
А.Альжанов |
2022 жылғы 16 қарашадағы № 7C-38/2 шешіміне қосымша |
Державин қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердің түрлері | есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналуының жылдық көрсеткіші, м3 |
1. | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,1 |
2. | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,3 |
3. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1 |
4. | Қонақүйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,702 |
5. | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,399 |
6. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,2 |
7. | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,02 |
8. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1 |
9. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,12 |
10. | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,5 |
11. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,2 |
12. | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
13. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 1 |
14. | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,4 |
15. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,96 |
16. | Машиналардан сату | Сауда орнының 1 м2 | 0,5 |
17. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңының 1 м2 | 0,65 |
18. | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,02 |
19. | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,5 |
20. | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,5 |
21. | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,45 |
22. | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,4 |
23. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары | 1 машина-орын | 1,4 |
24. | Автомобиль шеберханалары | жұмысшы | 0,85 |
25. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 2,2 |
26. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,4 |
27. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,46 |
28. | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,5 |
29. | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,7 |