Қазақстан Республикасынын "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарқайың ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарқайың ауданы жетекшілік ететін әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі | Ж.Хамитов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақмола облысының Жолаушылар көлігі және автомомбиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
Кулаков В.З. |
Жарқайың ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № А-11/385 қаулысына қосымша |
Жарқайың ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары және индекстері
№ | Автомобиль жолының индексі | Автомобиль жолының атауы | Жалпы ұзындығы, километр |
1 | КС– JA-1 | Державин-Үшқарасу | 66 |
2 | КС–JA-2 | Тасты-Талды-Чапаев | 38 |
3 | КС–JA-3 | Отрадное ауылы кіреберіс жол | 8,8 |
4 | КС–JA-4 | Шойындыкөл ауылы кіреберіс жол | 33 |
Жиыны: | 145,8 |