"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жаңа Қийма ауылының халқының пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысының негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Жаңа Қийма ауылдық округінің Жаңа Қийма ауылындағы 30 лет Победы көшесін Жеңіс көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақима ауылдық округінің әкімі |
Е.Серикбаев |