"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Тарасов ауылдық округінің Тарасовка ауылында келесі көшелері қайта аталсын:
30 лет Победы көшесін Жеңіс көшесіне;
60 лет Октября көшесін Береке көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тарас ауылдық округінің әкімі |
К.Кудайбергенова |