Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365 бабының 3 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Целиноград ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы |
Л.Конарбаева |
Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 сәуір № 133/22-7 шешіміне қосымша |
Целиноград ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылдық норма м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
2,25 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және тағы басқалар | 1 орын | 2,18 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 2,09 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай | 1 орын | 1,71 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,75 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,08 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,65 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,42 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,77 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залдары | 1 отыратын орын | 0,10 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,38 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,11 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,36 |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,57 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | - |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,54 |
17 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,34 |
18 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
19 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйлері: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,35 |
20 | Вокзалдар, автовокзалдар | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
21 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,06 |
22 | Дәріхана | Сауда алаңы 1 м2 | 0,49 |
23 | Автотұрақтар, көлік жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 2,15 |
24 | Автошеберхана | 1 жұмысшы | 2,78 |
25 | Гараж кооперативі | 1 гараж | - |
26 | Шаштараз, сұлулық салондар | 1 жұмыс орын | 0,43 |
27 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,038 |
28 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,19 |
29 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және т. б.) | 1 жұмыс орын | 0,21 |
30 | Монша, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,25 |
31 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушылар | 0,71 |
32 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | - |
Шартты белгілері:
АЖС – автожанармай құю станциялары
м2 – шаршы метр
м3 – текшее метр