Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Целиноград ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 87/10-6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5728 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы | Л.Конарбаева |