Шортанды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № С-11/3 "Шортанды ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 2 қыркүйектегі № 7С-28/3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қыркүйекте № 29413 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 8С-9/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 24.10.2023 № 8С-9/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шортанды аудандық мәслихатының "Шортанды ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № С-11/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5710 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Шортанды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:

      ""Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Шортанды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген шешімнің 2-тармағы алып тасталсын;

      көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шортанды аудандық мәслихатының хатшысы Г.Садвокасова

  Шортанды аудандық
мәслихатының
2022 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 7С-28/3 шешіміне
қосымша
  Шортанды аудандық
мәслихатының
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ С-11/3 шешіміне
қосымша

Шортанды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      1. Осы Шортанды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік–еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) Шортанды ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.

      3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындағанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандастармен қандас куәлігі ұсынылады.

      7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері ай сайын оқу жылына мүгедектігі бар әрбір балаға үш айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту үшін негіздер Шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымшаның тоғызыншы жолында көзделген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады