Шортанды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № С-11/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 қаңтарда № 5710 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 8С-9/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 24.10.2023 № 8С-9/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 02.09.2022 № 7С-28/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 02.09.2022 № 7С-28/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Шортанды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 02.09.2022 № 7С-28/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Алып тасталды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 02.09.2022 № 7С-28/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Шортанды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 7 қарашадағы № С-34/3 "Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4475 тіркелген, 2015 жылдың 10 қаңтарында аудандық "Вести" газетінде және 2015 жылдың 10 қаңтарында аудандық "Өрлеу" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы
В.Волокитин
      Аудандық
мәслихаттың хатшысы
Д.Отаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шортанды ауданының әкімі Г.Сәдуақасова

      "21" 12 2016 ж.

  Шортанды аудандық
мәслихатының
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ С-11/3 шешіміне
қосымша

Шортанды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      Ескерту. Шешім қосымшамен толықтырылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 02.09.2022 № 7С-28/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; қосымшаға өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 06.04.2023 № 8С-2/6 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы Шортанды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 06.04.2023 № 8С-2/6 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) Шортанды ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.

      3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 06.04.2023 № 8С-2/6 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындағанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтініш беруші оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 06.04.2023 № 8С-2/6 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері ай сайын оқу жылына мүгедектігі бар әрбір балаға үш айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту үшін негіздер Шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымшаның тоғызыншы жолында көзделген.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады