Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бурабай кенті халықының пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай кентінің келесі көшелері қайта аталсын:
Советская көшесі Абай көшесіне;
Школьная көшесі Сәкен Сейфуллин көшесіне;
2-я Совесткая көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
Комсомольская көшесі Ілияс Есенберлин көшесіне;
Озерная көшесі Шәмші Қалдаяқов көшесіне;
Степная көшесі Шоқан Уәлиханов көшесіне;
Интернациональная көшесі Қарбай Мұсабаев көшесіне.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бурабай кентінің әкімі | С.Джалмуканов |