Ақтөбе облысы бойынша 2022 жылға арналған тұқым шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 125 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 мамырда № 27876 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша 2022 жылға арналған тұқым шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдері бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткең соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2022 жылғы 26 сәуірдегі
№ 125 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысы бойынша 2022 жылға арналған тұқым шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдері

бюджет түрі

барлық қажеттілігі, мың теңге

оның ішінде, мың теңге

бірегей тұқымдар

элиталық тұқымдар

бірінші репродукция тұқымдары

бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары

элиталық көшеттер

жергілікті

480 000

4 440

137 490

156 729

156 178

25 163

барлығы

480 000

4 440

137 490

156 729

156 178

25 163


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады