Ақтөбе қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2022 жылғы 6 маусымдағы № 168 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 маусымда № 28510 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақтөбе қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаның мөлшерлемелері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының хатшысы
А. Даржанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады