Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 4 және 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 3 қорытындылары негізінде ШЕШТІМ:
1. Әйтеке би ауданы Темірбек Жүргенов ауылдық округінің Темірбек Жүргенов ауылындағы:
"Жастар" көшесі "Ф. Е. Чемоданов" көшесіне қайта аталсын.
2. Әйтеке би ауданы Темірбек Жүргенов ауылдық округінің Темірбек Жүргенов ауылындағы:
"Паркова" көшесі "В. А. Парков" көшесі транскрипциясына өзгертілсін.
3. Әйтеке би ауданы Темірбек Жүргенов ауылдық округінің Талдысай ауылындағы:
"Комсомольская" көшесі "М. Сарбасов" көшесіне;
"Набережная" көшесі "Өтеш" көшесіне;
"Кооператив" көшесі "Жұмабек Тәшенов" көшесіне;
"Ыбырай Алтынсарин" көшесі "Әл-Фараби" көшесіне;
"Абай" көшесі "Жұбан Молдағалиев" көшесіне қайта аталсын.
4. Әйтеке би ауданының "Темірбек Жүргенов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | С. Тампишев |