Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 330 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 84 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 сәуірде № 27754 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 330 қаулысына (Нормативттік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5097 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарғалы ауданының әкімі
"КЕЛІСІЛДІ"
А. Джусибалиев

  Қарғалы ауданды мәслихаты 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 84 қаулысына қосымша
  Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 330 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) халықты жұмыспен қамту орталығының аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандары: әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент;

      3) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ мамандары: халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент;

      4) халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті.

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік қойылым бөлімі, концерттік зал, әдістемелік кабинет меңгеруші (басшысы);

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның сектор басшысы;

      4) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандары: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      5) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санаттағы мамандары: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      6) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санаттағы мамандары: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      7) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандары: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады