Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 330 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қазанда № 5097 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 19.04.2022 № 84 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 19.04.2022 № 84 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Ізтілеуге жүктелсін.
      3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Сыдықов
      Қарғалы аудандық мәслихатының
хатшысы
Н. Заглядова

  Қарғалы ауданының әкімдігінің
2016 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 330 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 11.03.2024 № 24 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№№

Лауазымдардың атауы

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары

1

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

2

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары

1

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры)

2

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК көркемдік қойылым бөлімі, концерттік зал, әдістемелік кабинет меңгерушісі (басшысы)

3

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК сектор басшысы

4

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер)

5

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санаттағы мамандар: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер)

6

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санаттағы мамандар: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер)

7

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер)

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ММ - мемлекеттік мекеме

      МҚК - мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады