Қобда ауданы Талдысай ауылдық округінің Талдысай ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 3 қазандағы № 24 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 қазанда № 30086 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Талдысай ауылдық округінің Талдысай ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Талдысай ауылдық округі Талдысай ауылының келесі көшелері:

      1) Есет батыр көшесін – Мөңке би көшесіне;

      2) Жеңіс көшесін – Балуан Шолақ көшесіне;

      3) Әлия Молдағұлова көшесін – Құдайберген Жұбанов көшесіне қайта аталсын.

      2. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жариялағанынан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талдысай ауылдық округінің әкімі А. Тасмагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады