Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қобда ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қобда аудандық мәслихатының хатшысы |
Ж. Ергалиев |
2022 жылғы 24 қарашадағы № 236 Шешіміне қосымша |
Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
№ | Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салығысыз) |
1.1. | Жайлы үйлер | 1 тұрғын айына | - |
1.2. | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын айына | 200 |
1.3. | Жылдық тариф бірлігіне (көлем) | 1 м3 | 3080 |