Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жарсай ауылдық округінің Жарсай және Ақсай ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Жарсай ауылдық округі Жарсай ауылының келесі көшелері:
М. Калинина көшесін Әлихан Бөкейхан көшесіне;
Я. Работягов көшесін Сарыарқа көшесіне;
Студенттер көшесін Алаш көшесіне;
Достық көшесін Томирис көшесіне;
Тәуелсіздік көшесін Ұлы Дала көшесіне;
Пацаев көшесін Арыстан баб көшесіне;
Ә. Молдағұлова көшесін Сауран көшесіне;
И. Білтабанов көшесін Бауыржан Момышұлы көшесіне қайта аталсын.
2. Жарсай ауылдық округі Ақсай ауылының келесі көшелері:
Астана көшесін Жамбыл көшесіне;
А. Құнанбаев көшесін Роза Бағланова көшесіне қайта аталсын.
3. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарсай ауылдық округінің әкімі | Р. Байгельдинова |