Қобда ауданы И.Құрманов атындағы ауылдық округінің Егіндібұлақ және Бегалы ауылдарының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданының И. Құрманов атындағы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 7 қазандағы № 14 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қазанда № 30132 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, И. Құрманов атындағы ауылдық округінің Егіндібұлақ және Бегалы ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. И. Құрманов атындағы ауылдық округі Егіндібұлақ ауылының Астана көшесін Киелі бұлақ көшесіне қайта аталсын.

      2. И. Құрманов атындағы ауылдық округі Бегалы ауылының Ә.Молдағұлова көшесін Наурызбай батыр көшесіне қайта аталсын.

      3. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы И. Құрманов атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жариялағанынан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      И. Құрманов атындағы
ауылдық округінің әкімі
К. Амиргалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады