Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 02.11.2023 № 50 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәртөк аудандық мәслихатының "Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 15 шілдедегі № 30 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5022 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
5 тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 16 бабында және Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 10 бабының 2) тармақшасында, 11 бабының 2) тармақшасында, 12 бабының 2) тармақшасында, 13 бабының 2) тармақшасында (бұдан әрі – Заң) көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";
9 тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
10 тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектігі бар адамдарға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;";
11 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"5) мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк аудандық мәслихатының хатшысы |
Т. Көлкебаев |