Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ойыл аудандық мәслихатының "Ойыл ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2020 жылғы 1 шілдедегі № 416 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7287 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ойыл аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Займолдин |