Ойыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 165 "Ойыл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 105 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 маусымда № 28435 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ойыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 165 "Ойыл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4008 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ойыл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ойыл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл ауданының әкімі А. Казыбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ойыл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы

  Ойыл ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 7 маусымдағы
№ 105 қаулысына қосымша
  Аудан әкімдігінің
2014 жылғы 15 тамыздағы
№ 165 қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Ойыл ауылы

Желтоқсан көшесі ("Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ойыл аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ғимаратының оң жағында)

Көкжар көшесі ("Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ғимаратының оң жағында)

2

Ақшатау ауылы

Ақжол көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақшатау орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

3

Қаракемер ауылы

Ынтымақтастық көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаракемер мектеп-бала бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

4

Екпетал ауылы

Жасыл ел көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Екпетал мектеп-бала бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

5

Саралжын ауылы

Ботагөз-2 көшесі ("Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында)

6

Бестамақ ауылы

Аяпберген көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тайсойған негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

7

Қаратал ауылы

Ж.Жүсібәлиев көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ш.Берсиев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

8

Қарасу ауылы

Ахмет Жұбанов көшесі ("Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ойыл аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының Қарасу медициналық пункті ғимаратының сол жағында )

9

Құмжарған ауылы

Бекет ата көшесі ("Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының Құмжарған ауылдық клубы ғимаратының оң жағында)

10

Қараой ауылы

Еңбеккерлер көшесі ("Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында)

11

Құбасай ауылы

Қызылқорған көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Құбасай бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында)

12

Сарбие ауылы

Жастар көшесі ("Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Сарбие ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

13

Қаракөл ауылы

Абай көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаракөл бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы)

14

Көптоғай ауылы

Мектеп көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Құрман орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

15

Амангелді ауылы

Бейбітшілік көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Амангелді орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

16

Қарасу ауылы

Алашорда көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарасу негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

17

Шұбарши ауылы

Ақсай көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жақсыбайкөл негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

18

Ақжар ауылы

Мектеп көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Саға мектеп- балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

19

Көсембай ауылы

Орталық көшесі ("Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ойыл аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының фельдшерлік- акушерлік пункт ғимаратының оң жағында)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады