Ойыл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 165 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 тамызда № 4008 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 08.06.2018 № 99 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Қаулының қазақ тіліндегі деректемелеріне өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімдігінің 20.05.2019 № 93 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Ойыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ойыл ауданының аумағында аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Н. Тұрғамбековке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Абдуллин
      Келісілді:
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы:
С. Қартбаев

  Аудан әкімдігінің
2014 жылғы 15 тамыздағы
№ 165 қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 07.06.2022 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Ойыл ауылы

Желтоқсан көшесі ("Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ойыл аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ғимаратының оң жағында)

Көкжар көшесі ("Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ғимаратының оң жағында)

2

Ақшатау ауылы

Ақжол көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақшатау орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

3

Қаракемер ауылы

Ынтымақтастық көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаракемер мектеп-бала бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

4

Екпетал ауылы

Жасыл ел көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Екпетал мектеп-бала бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

5

Саралжын ауылы

Ботагөз-2 көшесі ("Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында)

6

Бестамақ ауылы

Аяпберген көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тайсойған негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

7

Қаратал ауылы

Ж.Жүсібәлиев көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ш.Берсиев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

8

Қарасу ауылы

Ахмет Жұбанов көшесі ("Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ойыл аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының Қарасу медициналық пункті ғимаратының сол жағында )

9

Құмжарған ауылы

Бекет ата көшесі ("Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының Құмжарған ауылдық клубы ғимаратының оң жағында)

10

Қараой ауылы

Еңбеккерлер көшесі ("Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында)

11

Құбасай ауылы

Қызылқорған көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Құбасай бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында)

12

Сарбие ауылы

Жастар көшесі ("Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Сарбие ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

13

Қаракөл ауылы

Абай көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаракөл бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы)

14

Көптоғай ауылы

Мектеп көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Құрман орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

15

Амангелді ауылы

Бейбітшілік көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Амангелді орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

16

Қарасу ауылы

Алашорда көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарасу негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

17

Шұбарши ауылы

Ақсай көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жақсыбайкөл негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

18

Ақжар ауылы

Мектеп көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Саға мектеп- балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

19

Көсембай ауылы

Орталық көшесі ("Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ойыл аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының фельдшерлік- акушерлік пункт ғимаратының оң жағында)

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады