Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шиқұдық ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ойыл ауданының Саралжын ауылдық округінің Шиқұдық ауылының Мектеп көшесі Қайрат Рысқұлбеков көшесі деп қайта аталсын.
2. "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Саралжын ауылдық округінің әкімі |
М. Тажигалиев |