Ойыл ауданының Ойыл ауылдық округінің Ақшатау ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 17 қазандағы № 107 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 қазанда № 30312 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 -баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақшатау ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ойыл ауылдық округінің Ақшатау ауылының келесі көшелері қайта аталсын:

      Балауса көшесін Әжібай би көшесіне;

      Шалқыма көшесін Алаш көшесіне.

      2. "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл ауылдық округінің әкімі С. Даулеткалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады