2022 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 260 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 23 тамызда № 29225 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) 2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

      2) 2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі М. Султангазиев

  Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 260 қаулысына 1-қосымша

2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары

Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы

1 тоннаға арналған субсидиялар нормасы, теңге

1

Қант қызылшасы

15 000

2

Дәндік жүгері

6 000

3

Майлы дақылдар (майбұршақ, күнбағыс, мақсары, рапс)

6 000

4

Қарақұмық

8 000

  Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 260 қаулысына 2-қосымша

2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі

Облыс атауы

Бюджеттік қаражат көлемі, теңге

1

Алматы облысы

5 577 465 000


Барлығы

5 577 465 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады