2022 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 366 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 21 қарашада № 30648 болып тіркелді

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.

      2. Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 164 "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5941 тіркелген) қаулысының күші жойылсын деп танылсын.

      3. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастрылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі М. Султангазиев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы экология, геология
      және табиғи ресурстар министрлігі

  Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 366 қаулысына қосымша

2022 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері

Субсидиялау түрлері

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын көлем

Субсидиялар сомасы, мың теңге

1.

Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары

тонна



1.1

Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары

200

19 440,0

1.2

Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары

30

3 847,5

1.3

Жайын тұқымдас балықтар мен олардың будандары

31

2 343,6

2.

Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары (албырт және бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін)

дана



2.1

Бекіре тұқымдас шабағы 10 грамға дейін 1 (бір) дана

23 064

5 766,0

2.2

Албырт тұқымдас ұрықтанған 1 (бір) уылдырық

1343,2

6 716

2.3

Албырт тұқымдас шабағы 10 граммға дейін 1 (бір) дана

907676

22 691,9

3.

Балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу шығыстарын субсидиялау

дана

1

500,0

4

Дәрілік заттарды сатып алу шығыстарын субсидиялау

бірлік

3478

8 695,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады