Талдықорған қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 5 сәуірде № 27428 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 48 және 50-баптарына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шелдедегі №756 қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Талдықорған қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаты төтенше жағдайды жою басшысы болып Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Қ.Н. Бұлдыбаев тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қаласының әкімі А. Масабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады