Ақсу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 28-139 "Ақсу ауданының әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларын бекiту туралы" шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 сәуірдегі № 21-85 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 14 сәуірде № 27577 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 19-85 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Ақсу аудандық мәслихатының 13.12.2023 № 19-85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


      Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақсу аудандық мәслихатының "Ақсу ауданының әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы" 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 28-139 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4706 болып тіркелген) шешiмiне келесі өзгеріс енгiзiлсiн:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Ақсу аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Ақсу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттардың тізбесін ақындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 желтоқсандағы № 26-166 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізәлімінде № 2566 болып тіркелген).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы Б. Сулейменов

  Ақсу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 сәуірдегі № 21-85 шешіміне қосымша
  Ақсу ауданы мәслихатының 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 28-39 шешімімен бекітілген

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін анықтау және тізбесін белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақсу ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Ақсу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті ауылдық округ әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - әлеуметтік көмек алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ, мереке күндерге ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді ай сайын көрсетіледі.

      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

2- тарау. Әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға бір рет көрсетіледі:

      1) 9 мамыр – Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (әрі қарай – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне - 500 (бес жүз) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде біржолғы төлем;

      Ұлы Отан соғысының мүгедектері, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы теміржол учаскелеріндегі, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылыс жайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілеріне – 500 (бес жүз) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде біржолғы төлем;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайларына (зайыбына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайларына (зайыбына) - 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстегендерге және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған адамдарға - 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарға, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкендерге) адамдар қоныс аудартқан күні құрсағындағы жатқан балаларды қоса алғанда - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар мен ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебімен мүгедектігі тектік байланыстағы олардың балаларына - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерді ұрыс қимылдары кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларға - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      Тәжікстан - Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерге - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерге - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем.

      7. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайдағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолға төленеді;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өрт оқиғасы орын алған мекен-жайда тұрақты тұратын азаматтарға (отбасыларға) әлеуметтік көмек орташа табысы есепке алынбай - 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолға төленеді;

      3) өмірлік қиын жағдайда, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі азаматтарға (отбасыларға):

      туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай тағайындалады, тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде төленеді;

      4) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайыздық қатынасынан аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін балалары бар отбасыларға ай сайын – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай ай сайын - 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      9. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      10. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Ақсу ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.

      11. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      12. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен қайтаруға жатады.

3-тарау. Қорытынды ереже

      13. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады