"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Балқаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы "Балқаш ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" № 6 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4515 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а | Б. Абдибаев |