"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бақанас ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылдық округінің Бақанас ауылындағы атау жоқ көшелеріне және саябаққа келесі атаулар берілсін:
атау жоқ көшеге – Ойшы Маясарұлы көшесі;
атау жоқ көшеге – Қасым Нұртазаұлы көшесі;
атау жоқ көшеге – Керімтай Байымбетов көшесі;
атау жоқ саябаққа – Сүндетбай болыс атындағы саябақ.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бақанас ауылдық округінің әкімі | К. Культебаев |