Алматы облысы Балқаш ауданы Балатопар ауылдық округінің Балатопар ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Балқаш ауданы Балатопар ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 05-02 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 19 мамырда № 28133 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Балатопар ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Алматы облысы Балқаш ауданы Балатопар ауылдық округінің Балатопар ауылындағы Топар көшесін Әбен Мүлкібеков көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балатопар ауылдық округінің әкімі Д. Базилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады