Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4509 болып тіркелген) № 4 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Еңбекшіқазақ ауданының әкімі | К. Султангазиев |