Қаскелең қаласының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 50 қаулысы және Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 24 ақпандағы № 17-8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 11 наурызда № 27089 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Қаскелең қаласы халқының пікірін ескере отырып және 2021 жылғы 20 сәуірдегі облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қаскелең қаласының "Победа" көшесі "Аубай Байғазиев" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау Қарасай ауданы әкімінің орынбасары А.Н.Назарбаеваға жүктелсін.

      3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасай ауданының әкімі Ж. Далабаев
      Қарасай аудандық мәслихатының хатшысы Б. Айнабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады