Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес "Қарасай ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2019 жылғы 21 тамыздағы № 45-6 Қарасай аудандық мәслихатының шешімін күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 24-6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 7 қыркүйекте № 29435 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес "Қарасай ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2019 жылғы 21 тамыздағы № 45-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5223 тіркелген) Қарасай аудандық мәслихатының шешімін күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасай аудандық мәслихатының хатшысы Б. Айнабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады