Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Панфилов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 630 "Панфилов ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4986 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Ш.Курбановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Панфилов ауданының әкімі | М. Сағымбек |