Талғар аудандық мәслихатының "Талғар ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2021 жылғы 16 шілдедегі № 10-37 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 4 наурыздағы № 21-72 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 15 наурызда № 27105 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2022 бастап қолданысқа енгiзiледi - осы шешімінің 2-тармағымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Талғар аудандық мәслихатының "Талғар ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2021 жылғы 16 шілдедегі № 10-37 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23954 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2022 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Талғар аудандық мәслихатының хатшысы М. Алибеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады