Талғар ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 08-359 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 9 тамызда № 29067 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағы 9) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 4-тармағына сәйкес, Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Талғар ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 80 (сексен) теңге мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талғар ауданының әкімі К. Абдыханов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Талғар аудандық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады