"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-4) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Шымкент қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Шымкент қаласының әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқанға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 140 қаулысымен бекітілген |
Шымкент қаласы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Қосымша білім беру бағыттарының түрлері | Білім алушылардың немесе тәрбиеленушілердің саны | Айына бір білім алушыға немесе тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (топ), теңге | Айына бір білім алушыға немесе тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (жеке), теңге | Айына бір білім алушыға немесе тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар), теңге |
1 | Көркем | 6137 | 14 349 | - | 46 078 |
2 | Ғылыми-техникалық | 2133 | 14 349 | - | 46 078 |
3 | Көркемдік және эстетикалық | 3552 | 14 349 | - | 46 078 |
4 | Туристік-өлкетану және экологиялық | 1965 | 14 349 | - | 46 078 |
5 | Музыкалық-аспаптық | 6327 | 14 349 | 39 156 | 46 078 |
6 | Әлеуметтік педагогикалық | 3510 | 14 349 | - | 46 078 |
7 | Дене шынықтыру-спорттық | 2129 | 15 150 | - | 46 078 |
Барлығы | 25 753 |