Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шымкент қаласының коммуналдық меншігіндегі акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне дивидендтерінің (табыстарының) көлемін белгілеу және "Шымкент қаласының коммуналдық меншігіндегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің көлемін белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 1407 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 979 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 80 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Шымкент қаласының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы оның ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Білісбековке жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |