Шымкент қаласында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 515 және Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 14/122-VII бірлескен қаулысы мен шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 сәуірде № 27628 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 10-бабының 1-тармағына, "Жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы" 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 3-1 тармағына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шымкент қаласында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары бір шаршы метріне 2512 (екі мың бес жүз он екі) теңге мөлшерде белгіленсін.

      2. Осы бірлескен Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов
      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Б. Нарымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады