Шымкент қаласында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 20 мамырдағы № 16/144-VII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 маусымда № 28366 болып тіркелді. Мерзiмi өткендiктен қолданыс тоқтатылды

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесі болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Б. Нарымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады