2022-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 960 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 маусымда № 28403 болып тіркелді. Мерзiмi өткендiктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-5) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исаховқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 2 маусымдағы
№ 960 қаулысына қосымша

2022-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі

Топтар атауы

Олимпиадалық емес спорт түрлерінің атауы

Жазғы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы

Қысқы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы

Паралимпиадалық спорт түрлерінің атауы

Ұлттық спорт түрлерінің атауы

"А" тобы

1

Қол күресі

Баскетбол

Конькимен мәнерлеп сырғанау

Пара пауэрлифтинг

Асық ату

2

Белбеу күресі

Бокс

Шорт-трек

Волейболды отырып ойнау

Жекпе-жек

3

Джиу-джитсу

Еркін күрес


Пара жеңіл атлетика

Қазақ күресі

4

Кикбоксинг

Байдаркамен каноэда есу


Пара үстел теннисі

Тоғызқұмалақ

5

Каратэ-до шотакан

Спорттық гимнастика


Пара жүзу


6

Шағын футбол

Көркем гимнастика


Пара садақ ату


7

Пауэрлифтинг

Грек-рим күресі


Пара оқ ату


8

Қоян-қолтық ұрыс

Дзюдо




9

Самбо және әскери самбо

Жеңіл атлетика




10

Таеквон-до ITF

Үстел теннисі




11

Ушу

Нысана көздеу




12

Шахмат

Стенд ату




13

Дойбы

Садақ ату




14

Каратэ WKF

Ауыр атлетика




15

Әмбебап жекпе-жек

Таеквандо WTF




16

Сурдо жеңіл атлетика





17

Сурдо жүзу





"В" тобы

1

Грэпплинг UWW

Бадминтон

Фристайл акробатика


Аударыспақ

2

Кекушинкай каратэ

Әйелдер күресі

Шайбалы хоккей


Бәйге

3

Муайтай

Велосипед спорты



Жамбы ату

4

Жауынгерлік жекпе-жектің аралас түрлері (ММА)

Классикалық волейбол



Көкпар

5

Жағажай футболы

Қол добы



Теңге ілу

6

Пенчак силат

Жүзу




7

Сурдо күрес

Спорттық құзға өрмелеу




8

Сурдо шағын футбол

Теннис




9


Триатлон




10


Семсерлесу




11


Футбол




"С" тобы

1

Президенттік көпсайыс

Баскетбол 3х3




2

Футзал

Жағажай волейболы




3

Эстетикалық топтық гимнастика

Регби




4

Сурдо үстел теннисі

Батуттық гимнастика




5

Сурдо футбол





      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ITF - International Taekwondo Federation (Халықаралық таеквондо федерациясы);

      MMA - Mixed Martial Arts (Аралас жауынгерлік жекпе-жек түрлері); 

      UWW - United World Wrestling (Бірлескен күрес әлемі);

      WKF - World Karate Federation (Дүниежүзілік карате федерациясы);

      WTF - World Taekwondo Federation (Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады