Шымкент қаласының мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 тамыздағы № 1417 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 тамызда № 29051 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 2849 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 21.12.2023 № 2849 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 3-тармағының 7-1) тармақшасы және 62 бабының 6 тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Шымкент қаласының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 1 тамыздағы
№ 1417 Қаулысына қосымша

Шымкент қаласының мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Бір тәрбиеленушіге бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) (арнайы мектепке дейінгі ұйымдар мен коррекциялық топтарын қоспағанда)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнының бір айдағы мөлшері (теңге)

Мемлекет тік мектепке дейінгі ұйым

Жекеменшік мектепке дейінгі ұйым

Мектепке дейінгі ұйымдағы жалпы дамыту топтары (10,5- сағаттық режимдегі топ)

Мектепке дейінгі ұйымдағы жалпы дамыту топтары (толық емес күн болатын топтар)

Мектепке дейінгі ұйымдағы санаторлық топтары (10,5- сағаттық режимдегі топ)

Мектепке дейінгі ұйымдағы коррекциялық топтары (10,5- сағаттық режимдегі топ)

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым мен мемлекеттік тапсырыс орналастырылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйым (жас ерекшелігіне қарай)

3 жасқа дейін

3-7 жас

1

19506

47636

41197

17215

61519

73798

544,58

686,04


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады