"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тұрғындардың пікірін ескере отырып, Шымкент қаласы ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 шілдедегі қорытындысы және Республикалық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 1 тамыздағы қорытындысы негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шымкент қаласында құрылған бесінші ауданға "Тұран" атауы берілсін.
2. Осы бірлескен Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы | Б. Нарымбетов |