Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шымкент қаласы мәслихатының "Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 60/521-6с шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 85 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Шымкент қаласының абаттандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Экология кодексіне (бұдан әрі – Экология кодексі), Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" (бұдан әрі – Заң), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) бұйрығына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.";
5), 7), 10), 15) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
"5) көгал – шөп жамылғысы мен басқа да өсімдіктерді қамтитын, тротуардан, тұрақ қалталарынан, тұрақтардан және жолдың өзге де элементтерінен жиектас таспен және (немесе) әшекейлі қоршаумен қоршалған абаттандыру элементі (жер учаскесі);";
"7) қалдықпен жұмыс істеу – қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және азайтуды, есепке алу мен бақылауды, қалдықтарды жинақтауды, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, қайта өңдеуді, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (қоймаға жинауды), жоюды қоса алғанда қалдықтармен байланысты қызмет түрлері және олармен байланысты өзге де іс-қимылдар;";
"10) өндіріс қалдықтары (өндірістік қалдықтар) – өнімді өндіру, жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) орындау процесінде пайда болған және өздерінің бастапқы тұтынушылық қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің қалдықтары;";
"15) уәкілетті орган - Шымкент қаласының әкімдігінің қала аумағын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға байланысты функцияларды орындауға уәкілеттік берген мемлекеттік орган;", орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
26-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"26. Көше мен өту жолдары бойынша орналасқан немесе жол жағынан газонмен бөлінген және тұрғын үй ғимараттарының кіреберісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінде орналасқан тротуарларды, жағалаулық кәсіпорындарға іргелес жатқан қоршауына тікелей шығу жолы жоқ тротуарларды тазарту жұмыстары өту жолының бөлігін жүзеге асыратын ұйымдармен жүргізіледі.", орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
27-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"27. Көпірлердегі, жол желілеріндегі тротуарларды, сондай-ақ инженерлік құрылғыларға және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық тротуарларды (кіреберістер) тазарту осы құрылғылардың иелерімен және жерүсті инженерлік құрылғыларды пайдаланатын ұйымдармен жүргізіледі.", орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"2) магистральдардың, көшелердің және өтпе жолдардың жүру бөлігіне, орам ішіндегі өтпе жолдардан, аула аумақтарынан, кәсіпорындар, ұйымдар, құрылыс алаңдарынан, сауда объектілерінен тазартылған қарды лақтыруға немесе жылжытуға;", орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
66-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"66. Құрылыстарды және (немесе) жылжымайтын объектілерді жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс қоқысын өз бетінше арнайы орындарға немесе Экология кодексіне сәйкес қоқыс шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен шарт бойынша шығаруы тиіс.", орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
69-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"69. Құрылыстарды және (немесе) жылжымайтын объектілерді жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс қоқысын өз бетінше арнайы орындарға немесе Экология кодексіне сәйкес қоқыс шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен шарт бойынша шығаруы тиіс.", орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
70-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"70. Үй иелерінің аумағында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10796 болып тіркелген) 22–тармағының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен бекітілген "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21934 болып тіркелген) 55, 56, 57 және 58–тармақтарының талаптарына сәйкес мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады.".
2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Б. Нарымбетов |