Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Б" корпусындағы "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Шымкент қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 181 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4758 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |