"Шымкент қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 22 маусымдағы № 67/598-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 21/191-VII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 қазанда № 30049 болып тіркелді

      Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шымкент қаласы мәслихатының "Шымкент қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 22 маусымдағы № 67/598-6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 113 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында:

      үшінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      3-қосымшаның 4) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Б. Нарымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады